«Алтын бала» – ерекше балаларды қоғамға бейімдейді

Dalanews 28 шіл. 2022 09:05 327

Қонаев қаласындағы «Алтын бала» қоғамдық қоры жаратылысы ерекше балаларды қоғамға бейімдеп, әлеуметтік көмек көрсетеді. Ашылғанына 4 жыл болған орталықтың көмегімен көптеген бала толыққанды өмір сүруге қол жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің тәжірибелі мамандар келген балаларды көпшілік ортада өзін ұстауға, сұрақ қоя білуге, сұраққа жауап қайтаруға бейімдейді. Біраз күнде олар ашыла бастайды. Әр балаға мүмкіншілігіне қарай  жұмыс істеу бағдарламасы әзірленеді», – дейді орталық жетекшісі.

Мекемеде логопед, дефектолог, психолог, музыка кабинеті, 5 мұғалім, 2 тәрбиеші, 2 күтуші бар. Барлығы өз істерін жақсы біледі.

– Орталықта үйреткенді үйге барғанда да жалғастыру керек. Бала білгенін ұмытып қалмауы тиіс. Жан-жақты дамыта берген дұрыс. Біздің балалар өз деңгейіне қарай буындап оқу, санауды үйренеді. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта мектепті бітіргендері де бар.  Ата-ана мен ортаның көмегі көбірек болса, дамуы да жақсы болады, – дейді Бибігүл Нұрғалиқызы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x