Жамбыл ауданында 1400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды

Dalanews 18 там. 2022 09:01 252

Алматы облысы Жамбыл ауданында елдің әлеуметтік жағдайын арттыру бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Жалпы ұлттық жоба жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрақты жұмысқа орналастыру, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік гарнттар мен жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орны, «Күміс жас» жобасы, сонымен қатар ұрпақтар келісім шарты, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар атты негізгі 11 бағыттан тұрады.

Дәл осы бағдарламаның бірінші бағыты, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша Жамбыл ауданында ағымдағы жылы 130 мың азаматқа 35 млн 956 мың қаржы бөлінген. Қазіргі таңда  олардың 110-ы қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жіберілген. Оның ішінде 25-сі аспаз, 85 адам тігінші мамандығына жеке кәсіпкер ЭНЭС ГРУП оқу орталығында оқуда.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Жамбыл ауданында тігінші мамандығына оқытуға басымдық берілуде. Басты себеп, 3 ірі цехтан сұраныстан ұсыныс түсіп, сұраныстың артуы.


Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту негіздерінеде көп көңіл бөлінген. Соның арқасында 173 тұрғынды қамту мақсатында 105 млн  980 мың теңге қаржы қарастырылған. Осы уақыт аралығында «Бастау бизнес» арқылы 25 азамат мемлекеттік гарнт иегері атанды, оларға  жалпы сомасы 30 млн 630 мың теңге қаржы игерілді.  Мемлекеттік гарнт иегерлерінің 21-і мал шаруашылғы саласында табысын еселеуді көздесе, 4-еуі қызмет көрсету бағытында өз істерін ашқан жайы бар.

Ал қалған 143 адам ЭЦҚ арқылы, Еңбек порталына тіркеліп, өзінің грант үміткерлерінің санатына жататынын тексере отырып, оқуға өтініш білдіруі тиіс.  Оқуды аяқтаған жағдайда ғана мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

Бизнесті жанына серік еткісі келетіндер ден бөлек, жоба аясында  қоғамдық жұмыстарға 785 азамат жіберіледі деп жоспарланған. Бұл мақсатқа қазынадан 496 млн 419 мың теңге берілді. Бүгінде 759 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.

Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 90 азамат жіберілген. Ал жастар тәжірибесі бойынша 65 азамат жұмысқа тұрған, негізгі жоспар 75 адамды қамту, бұл үшін 34 млн 918 мың теңге берілген еді.

Дипломын енді қолына алған жастар үшін таптырмас бағыттың бірі – «Алғашқы жұмыс орындары». Мұнда 14 азаматты жұмысқа тұрғызу көзделген. Нысанаға алынған адамдардың 9-ы бағдарламаның шапағатын көріп отыр.

Ауданда тек жалынды жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасалып қоймай, зейнеталды жастағы кісілергеде өз нанын табуға мүмкіндік қарастырылған. Қарттық шаққа жеткен үлкендерге арнайы жасақталған жоба – «Күміс жас».  Дәл осы жобаның аясында Жамбыл ауданының 52 тұрғыны жұмысқа тұрған. Негізгі меже 100 адамды еңбекке тарту, ол үшін қазынадан 51 млн 042 мың бөлінген болатын.


Жалпы алғанда Жамбыл ауданында жұмыспен қамту деңгейі айтарлықтай көрсеткішке ие. Өйткені ауданда 2022 жылы 2524 жұмыс орны құрылып, 1367 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар,  Жамбыл ауданының халықты жұмыс пен қамту  орталығының белсенді шараларының арқасында жоспарда болған 4229 адамның 2586-сы қатысып, 959 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x