Келесте құны 12 млн долларлық күн электр станциясы салынады

Dalanews 26 шіл. 2022 12:32 286

Түркістан облысы, Келес ауданында құны 12 млн долларды құрайтын күн электр станциясы салынады. Құрылыс жұмыстарын «UBS KZ» және «UBS Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі аумағынан іске аспақ. Ол үшін арнайы 50 гектар жер аумағы бөлінді. Аталған аймақта электр станциясының қазығын қағу рәсімі өтіп, ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Абай Құланбай және Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев шараға арнайы қатысты.

– Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуын өрге тартады. Ауданымызға келіп, жаңа технологияларды енгізе отырып, ауданымыздың дамуына сеп бола білген инвесторларға ризашылығымды білдіремін. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тұрғындардың сапалы электр қуатымен қамтуға қол жеткізбекпіз, – деді Алмас Икрамұлы өз сөзінде.


Бұл станция сағатына 20 мВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x