Отырарда «Нәтиже» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асуда

Dalanews 25 шіл. 2022 05:28 215

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл 16 мамырда іске қосылды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданында аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің жауапты маманы Еркебұлан Жаймұрзаев және дербес бөлімдердің тиісті мамандары арнайы аптасына бір күн «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық филиалының мамандарымен бір ғимаратта отырып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне азаматтардың өтініштерін тіркеу жұмыстарына кеңестер берді.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, аудан әкіміне және орынбасарларына жеке қабылдауына тіркеу жүргізді.

Биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап Отырар ауданы әкімдігі жанындағы халықтық кеңседегі қызметкерлер ХҚКО-дағы «Нәтиже» фронт офисіне орналасты. Мұнда күнделікті аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінен 1 жауапты маман және дербес бөлімдерден 6 жауапты маман (бір мезетте кестеге сәйкес 4 қызметкер) тұрғындарға қызмет көрсетіп, кеңестер беруде.


Жалпы 16 мамыр мен 19 шілде аралығында ХҚКО-да қабылданған өтініштер (е-гов) саны — 5, берілген кеңестер — 54 және көрсетілген қызметтер 17 болып отыр.

ХҚКО-да орналасқан қызметкерлердің жұмыс станциялары толық тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етіліп, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының көмегімен 8 мбит/сек жылдамдықта байланыс орнатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x