Қонаев қаласында асық ойнайтын алаңша пайда болды

Dalanews 15 шіл. 2022 04:52 263

Бүгін Қонаев қаласындағы орталық саябақта жас жеткіншектердің асық ойнауына мүмкіндік беретін алаңша ашылып, шара барысында мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа» турнирі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көздің жауын алатын асық ойнау алыңына балалар көптеп жиналып, турнирге белсене қатысты. Қонаев қаласын асық ату бойынша мұндай жарыс бірінші рет ұйымдастырылып отырғанына қарамастан жарысқа қатысушы балалар мен олардың мергендігін тамашалауға халық көп жиналды.

Балалардың асық ойнау алаңын белгілі суретші, муралист Еркеғали Иманғали сызып, әрлегенін айта кетуіміз. Қазақтың ою-өрнегімен безендірілген ойын алаңы балалардың асық ойнауға деген ықласын арттыра түскені анық. Ойын алаңының көлемі 4х4 метр. Бұл алаң жас жеткіншектердің асық ойнауына арналған.

– Асық ойнау алаңғы қаладағы жастардың қазақттың ұлттық ойыны асық атудың кең таралуына жол ашатынына сенімдімін. Асық ойнау баланың физиологиялық және интеллектуалды тұрғыдан дамуына жақсы әсер ететіні белгілі. Қазіргі кезде телефонға телміріп, көз жанарын зақымдап жатқан балалар арасында асық ойынын насихаттаудің реті тұр деп есептеймін. Сондықтан осы бағытта жұмыс істеп, балалар арасында асық ойын кеңінен насихаттауымыз керек, – дейді Еркеғали Иманғали.


Қонаев қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Алтын сақа» турниріне 15 бала қатысып, өздерінің салмақты сақаларымен тізіліп тұрған асықтарды кезек-кезегімен көздеп атып, ортадағы асықтарды шеңбер аумағынан шығаруға барын салды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орнды Бақдәулет Маметай қанжығасына байлап, планшетке ие болды. Ал екінші орынға тігілген құлаққапты Шеңгеліден келген Исабек Асылбек ие болса, үшінші орынның жүлдесін Қонаев қаласының тумасы Есбол Абдырахман ие болды.

Осы ретте балалардың зор қызығушылығына ие болған «Алтын сақа» турнирін Алматы облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» орталығы мен Мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдердің спорт мектебінің өкілдері бірлесіп ұйымдастырғанын айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x