Елордада жаяу жүргіншілер променады ашылды

Dalanews 06 шіл. 2022 13:39 218

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу жүргіншілер променады ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қала тұрғындарының бос уақытын жайлы өткізуі үшін кезекті бір жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылды. Енді Бараев көшесі (Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін) картадағы қарапайым кқшелердің бірі ғана емес, жаңа қоғамдық кеңістікке айналды.

– Жаяу жүргіншілер променадында балаларға арналған ойын алаңдары, әткеншектер, өз өнерін көрсету үшін импровизацияланған көріністерге, электр автокөліктерін зарядтауға арналған арнайы орындар бар. Жаяу жүргіншілер өткелінде қала тұрғындары арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін орта салынып, тротуарлар кеңейтілген. Сол сияқты қоғамдық кеңістіктің аумағын көгалдандырып жатырмыз. Алдағы уақытта қоғамдық кеңістікті одан әрі дамытып, абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болалды, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Әкім жаяу жүргіншілер променадын ашу жөніндегі идея орналасқан жеріне, қала тұрғындарының көптеп жүруіне, тиісінше демалатын орынның болмауына байланысты пайда болғанын атап өтті.


Қоғамдық кеңістік тұжырымдамасын урбанистика орталығы мен аудан әкімдігі тұрғындармен бірлесіп талқылағанын айта кетуіміз керек.

Жыл басында «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандыру жоспарланған еді. Қазіргі таңда 100-ге жуығы қоғамдық кеңістік ашылып, қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне берілгенін айта кетуіміз керек.

– Бүгінжаңа амфитеатр (Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайы арасындағы саябақта орналасқан) ашылады. Амфитеатр сахнасында «Астана Опера» театрының әртістері өнер көрсетті. Каскадты амфитеатр саябақты үйлесімді түрде жалғап, қала тұрғындарының демалатын әрі шығармашыл жандардың талантын паш ететін орынға айналатына сенімдімін, – деді елорда әкімі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x