Ноғаев Ақтау құрылғалы жаңартылмаған коммуналдық желілерді 2025 жылға дейін жаңартуды жоспарлап отыр

Dalanews 30 мау. 2022 06:06 208

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің басын қосып, баспасөз конференциясында өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатында Нұрлан Ноғаев ​Ақтау қаласы құрылғалы бері ауыз су, кәріз және жылу желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілмеген айтты. Бүгінде коммуналдық желілердің 75%-ға тозығы жеткендіктен, жылына орташа есеппен 1500 апаттық жағдай орын алады екен.

​Аймақ басшысының айтуынша кезек күттірмейтін мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 24 шағынауданында  918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

​Қаладағы инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 1232 шақырым. Оның ішінде су желілері – 437,8 шақырым, кәріз – 329,6 шақырым, жылу – 464,4 шақырымды құрайды.





​Биыл 2 шағын ауданның, яғни, 3а-3б шағынаудандарының жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар бүгінгі күні 1-6 шағынаудандардағы су және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

​Инженерлік желілер жаңартылғаннан кейін,  қалада ауыз су мен жылу беру мәселелері оңтайланатынын айтады облыс басшысы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x