Көпжылдық екпе шөптерді өсіріп, жайылымдарды тиімді пайдалануға баса мән берудеміз – Ноғаев

Dalanews 30 мау. 2022 05:53 350

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналистер қауымымен кездесіп, өңірдің даму барысы жайында әңгімеледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​2021 жылы қуаңшылыққа байланысты Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығында жем-шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген. Мал азығын қолжетімді бағамен сату бойынша жұмыстар бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

​Сонымен қатар, биыл да Үкімет резервінен 664 млн теңге бөлініп, 314 шаруа қожалығына және 2711 қосалқы шаруашылығына барлығы 414 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

​Биыл ғылыми негізделген көпжылдық екпелі шөптерді өсіру мен жайылымдарды тиімді пайдалану технологиясын енгізу арқылы 3 инновациялық жоба іске асырылуда.


Атап айтқанда, жаңа технологиялар қолдану арқылы көпжылдық екпелі шөптерді өсіру бағытында 2 жоба және геоақпараттық жүйе технологиясын пайдалану арқылы жайылымдардағы су қорын басқаруға қатысты 1 жоба.

​Бұл жобалар өңірдегі мал шаруашылығы саласының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл 580 млн теңге көлемінде субсидия бөлініп, өңірдегі 110 шаруа жем-шөптің өзіндік құнын төмендету үшін 180 млн теңге сомасында субсидия алды.

​Сонымен қатар, инвестициялық субсидияларға республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 88 агроөнеркәсіптік кешені субъектісін қаржыландыру жоспарланып отыр.

​Биыл өңірде 1003 гектар көкөніс пен бақша дақылдары егілді, нәтижесінде 22 мың тонна түрлі өнім өндіру жоспарлануда.


​Осы жылы ауылшаруашылығы саласында жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылады (азық-түлік сақтау қоймасы, ет өңдеу комбинаты, ет өнімдерін консервілеу, шағын құс фермасы және  4 жылыжай кешені). Нәтижесінде 257 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x