Cоңғы жаңалықтар
Back

Қонаев қаласының қалай дамитыны белгілі болды (фото)

Қонаев қаласының жаңа бас жоспарын еліміздегі сәулетшілер әзірлеп жатыр. Қалада жаңа әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер салынып, ауқымды құрылыс басталады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қонаевтың бас жоспарын әзірлеу туралы толығырақ Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті Любовь Нысанбаева айтып берді.

– Қала облыстың әкімшілік орталығы болған кезде ол мүлде өзгереді, Қонаев қаласының бас жоспары басқаша болады. Сондықтан, қазір қаланың әкімшілік орталығына айналатын жер таңдалып жатыр. Алдағы уақытта Қонаев қаласында жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайтын нысандардың құрылыс жұмыстары жүретін болды. Тұрғын үйлер, білім беру нысандары салынады, – деді Любовь Нысанбаева.

Қапшағай, қазіргі Қонаев қаласының бас жоспары 2006 жылы Үкімет қаулысы бойынша бекітілген. Алайда қала жаңа мәртебе алып, Алматы облысының орталығына айналды. Осыған байланысты Қонаев дамуға жаңа мүмкіндік алды. Қала мәртебесіне сәйкес жаңа инфрақұрылым нысандары пайда болады.

Тағы оқыңыз:

Төрт адамның өмірін қиған апат. «Арселор Миттал Теміртаудың» кінәсі толық дәлелденді