Алтай Көлгінов: «Елордада жалпы саны 700-ге жететін аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады»

Dalanews 22 мау. 2022 12:49 162

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы бірқатар аулаларға барып, тұрғындармен оларды одан әрі абаттандыру мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Біз аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді ауқымды түрде абаттандыруды ары қарай да жалғастырамыз. Мұның бәрі елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін ғана емес, сол сияқты спортпен айналысуына көбірек орын болуы үшін жасалып жатыр, – деді әкім.



Бүгінде абаттандыру жұмысы қаланың барлық ауданында, сондай-ақ елді мекендерде де жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, осыған дейін бос жатқан жоспарға еніп жатыр.


Әкім қаланы аралау барысында Сейфуллин, 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин, 1, 3/1, Кравцов, Целинный ш/а және өзге де мекенжайларда орналасқан аулаларға барды.



– Биыл жүргізілетін жұмыстардың көлемін ескерсек, абаттандырылған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 700-ге жетеді. Бұдан басқа қолданыстағы аулаларға да көңіл бөлеміз. Қала тұрғындарын абаттандырылған орындарға ұқыпты қарауға шақырамын. Өйткені аулалардағы барлық жағдай тұрғындар үшін жасалынуда, – деді Алтай Көлгінов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x