Back

Елорда бұқаралық спортпен айналысуға қаншалықты жағдай жасалған?

Астанада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 406 мыңнан астам адам айналысады, бұл жалпы халықтың 33,08% – ын құрайды. Қалада бұқаралық және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада 406 552 адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданумен қамтамасыз етілді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3,38% – ға артық. 2025 жылға дейін елорда халқының жалпы санынан қамтуды 35% – ға дейін арттыру жоспарлануда.

Осы мақсатта Нұр-Сұлтанда “Қолжетімді спорт” бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылды. Жоба елорданың спорт залдарында жүзеге асырылды. Сабақтар қала бойынша 40-тан астам жерлерде спорттың 6 түрі бойынша өткізілді: фитнесс/зумба, скандинавиялық жүріс, каратэ, жүгіру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі.

Мысалы, скандинавиялық серуендеу саябақтарда таза ауада өтті. Кез-келген адам аптасына 3 рет қосылып, жаттығу жасай алады. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері және білікті нұсқаушылар қатысты. Жаттығулар аула клубтарында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде “QAZAQSTAN” жеңіл атлетика манежінде, Тәуелсіздік сарайында, “Алау”Мұз Сарайында өткізілді.

Жоба елорда тұрғындары арасында және Instagram әлеуметтік желісінде күн сайын жаттығулардан бейне және фото жарияланып, пайдаланушылар өз пікірлері мен тілектерін қалдырды. Қатысушылардың жалпы саны 5 мыңнан астам адамды құрады. 2022 жылы жобаны жүзеге асыру маусымнан желтоқсанға дейін жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта елордада 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, олимпиадалық резервті даярлау орталығы және теннистен “Дәулет” спорт кешені жұмыс істейді, олардың контингенті спорттың 60 түрі бойынша 8 655 спортшыны құрайды.

Қала құрама командаларының құрамында 5 мыңнан астам спортшы бар.

Бүгінде қаланың штаттық құрама командасының құрамында 150 адам бар.

2022 жылға арналған жазғы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасында Нұр-Сұлтан қаласының 1165 өкілі бар.

Жалпы, елордада 113 спорт түрі, 36 спорт түрі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жүзеге асады.
Қалада 28 аула клубы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 000-нан астам бала тегін білім алуда және жаттығуда.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша перспективалы спортшыларды оқыту үшін алғаш рет әкімнің 50 гранты бөлінді. Алдағы уақытта жас мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.