Алматы облысында 10872 тұрақты жұмыс орыны құрылып, тапсырма 62,3%-ға орындалды – Әлия Есімжанова

Dalanews 11 там. 2022 04:08 141

Сананы тұрмыс, қоғамды нарық билеген заманда жұмыс пенде атаулыға ауадай қажет. Қазіргі таңда республика бойынша жұмыспен қамту ісі қарқын алған. Соның ішінде Алматы облысында аталған бағыттағы шаралар белсенді түрде жүзеге асуда. Өз отауын жеке сайлаған аймақта халықты жұмыспен қамту ісі қалай атқарылып жатқанын Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Әлия Есімжановадан сұрап білдік.

Жалпы, Алматы облысы халық саны көп, әрі тығыз орналасқан аймаққа жатады. 1 шілдедегі ресми мәліметтерге сүйенсек, мұнда 1451,9 мың адам тұрады. Ал ағымдағы жылы экономикалық белсенді халық саны 695,9 мың адамды құрап отыр. Бұдан бөлек өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда бар. Олар 194,0 мың жанға жетеді.

Әлия Жұмабайқызының айтуынша, бүгінде Алматы облысында Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 29,3%-ды көрсетуде. Ал, бұл көрсеткіш республикада – 23,9%-ды құрайды.

Екі қолға бір күректі өз күштерімен тауып, өзінің белсенді еңбегінің арқасында табыс тауып отырғандармен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтуы сәтсіз аяқталған, яғни, нәтежиесіз болғандарда бар екен.

Бөлім басшысының сөзіне сенсек, оларың саны 20,2 мың дамады құрайды. Пайыздық мөлшерлеме 10,4%-ды құрайды.

Халық саны көп аймақта, жұмыссыздар жоқ емес. Мұны Әлия Есімжановада жоққа шығарған жоқ. Оның айтуынша, өңірдегі жұмыссыз халық саны 33,6 мың адамға жетіп жығылады екен. Осы уақытқа дейінгі кезеңде Алматы облысындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құраған.

Дейтұрғанмен де, өңірде жұмыссыздықпен күрес қарқынды жүріп жатыр. Түйіткілді мәселенің күрмеуін шешу үшін біршама жұмыс орындарыда құрылмақ.

– 2022 жылы Алматы облысы бойынша 28507 жұмыс орнын құру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 тамызына 17752 жұмыс орны құрылды, Оның 10872-і тұрақты жұмыс орынының санатына жатады. Бұл дегеніміз жоспардың 62,3% орындалды деген сөз, – дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Әлия Есімжанова.


Айта кетейік, облыстағы халықты жұмыспен қамту аясында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық белсенді шаралары көзделген. Аталмыш жобаны іске асыру үшін 13,3 мың адамды қамтумен 7,0 млрд теңгені  бөлінбек.

Алматы облысында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында орта жастағы 1280 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Оқу мерзімі 1-6 айды құрайды. Бұл – мақсатта қазынадан  331,2 млн теңге қарастырылғанын білдік.

– Бүгінгі күні қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 694 адам жіберілді, оның ішінде 371 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандарды 91,1%, яғни  338 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, – деді Әлия Жұмабайқызы.

Өңірде «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіп бастауға ниетті тұрғындарды да оқуға жіберу көзделген. Қазіргі кезде облыста 1660 адамды оқуға  жіберу жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың 26 тамызына 2562 адам оқуға жіберілген жайы бар.

Айта кетейік, аймақта  400 АЕК-тен 1036,9 млн теңге сомасына 1031 грант беріледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда 100 адам жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін гранттар алып үлгерлді.

– 10,6 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылатын болады, бұған 5,9 млрд теңге көзделген. Алдағы уақытта жастар тәжірибесіне – 765 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына – 556, еңбекақыны субсидиялауға, нақтыласақ, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындары – 7,  қоғамдық жұмыстарға – 5 570, бірінші жұмыс орнына – 127 адам, ұрпақтар келісімшартына – 36 адам жіберіледі деп жоспарланған, – дейді Әлия Есімжанова.

Жалпы алғанда 2022 жылғы 26 тамыздағы жағдайға сәйкес, деректер 18242 адам жұмысқа тұрды деп көрседуде. Оның ішінде 8752-сі  тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ жастар практикасына – 666, әлеуметтік жұмыс орындарына – 591, алғашқы жұмыс орнына – 149, ұрпақтар келісімшартына – 28, Күміс жас жобасына – 233 адам жіберіліп, «enbek.kz» порталында – 1909 жан оқытылып, қоғамдық жұмыстарға 4918 жан тартылды.


– Жалақыны субсидиялауға келер болсақ, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адамға 2,5 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 26 тамызына 11857 адамды қамтылып, 2309,1 млн теңге игерілді, – деп сөзін түйіндеді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Әлия Есімжанова.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x