«Жарылыс қарашаға дейін жалғасады». Жамбыл облысында оқ-дәріні жою жұмыстары жүруде
Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери бөлімде қалған оқ-дәрілердің көзін жою жұмыстары қолға алынды. Бұл шаруа екі ай бері жүріп жатыр. Бөлімше маңындағы тұрғындарының гүрсілдеген дауыстан мазасы қаша бастады, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Бірақ жергілікті шаруа қожалықтары мал төлдейтін уақытта жарылыс ұйымдастырмауды өтінген. Сөйтіп кейінге шегеріліпті.
Енді оқ-дәрі қалдықтарын жару ісі қайта жанданған. Бұл процесс елдімекендерден қашық жерде жүзеге асырылуда.
Әскерилер оқ-дәріні жюдың адамдар мен жан-жануарға да зияны жоқ екенін атйып сендірген. Бұл жайында жақын маңдағы тұрғындардың бәріне ескертіліпті.
Қанша көлемде оқ-дәрінің көзі жойылатыны жөнінде толық мәлімет жоқ. Бір анығы оқ-дәріні жою ісі қараша айына дейін жалғасады.
Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адам ажал құшқаны белгілі. Бір әскериден әлі күнге хабар жоқ.
Төтенше жағдайдың себебі де күні бүгінге дейін айтылмады.
– Оқ-дәріні жою жұмыстары дүйсенбіден жұма күндері жүреді. Аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын жатқан елдімекендердің қауіпсіздігі сақтауымыз маңызды. Бір жарғанда тротил салмағы 600-700 келіден аспайды. – деді 28349 әскери бөлімнің командирі Еркін Әбсадықов.
Тағы оқыңыз:
Қазақ жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты