Түркістандықтар референдумға белсенді қатысуды жоспарлап отыр

Dalanews 31 мам. 2022 15:19 142

Саяси дамудың келесі кезеңіне өтуге санаулы күндер қалды. Түркістан облысы тұрғындарына насихат жұмыстарын жүргізу үшін «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штаб мүшелерінің жұмысы жалғасуда. Кездесулердің мақсаты айқын. Ол – конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаныш Айтаханов және Дархан Мыңбай рухани шаһарда өткен басқосуларда саяси жүйені трансформациялау жайы талқылады. Сауран, Шауғар және Бірлік секторларының тұрғындарымен, аурухана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жастармен өткен кездесулерге қатысқан штаб мүшелері өзгерістерден соң мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас оңтайланатынына кеңірек тоқталды. Жиындарға аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары Б.Шойбеков, И.Намазбаева да қатысты. Штаб мүшелері жаңа реформалар туралы әңгіме өрбітті.

Жаңадан құрылған Сауран ауданының тұрғындары да референдумды қолдайды. Олар маусымның 5-інде өтетін саяси науқан елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ала келетініне сенеді. Ата заңға енетін өзгертулер осының айғағы. Бұл туралы Құдайберген Ержанның Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Оранғай ауылының тұрғындары, шаруа қожалықтарының ұжымы және дәрігерлермен кездесуге Түркістан облыстық мәслихат депутаттары К.Әуен және Н.Атаева қатысып, жиналғандарды референдумды қолдауға шақырды.

Қайнар Абасов Созақ ауданында болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Ең алдымен Таукент және Созақ ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесті. Басқосу кезінде депутат жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, тұрғындарға дауыс берудің ережелері мен шарттарын жан-жақты түсіндірді. Жиынға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Қ.Жантөреева және М.Тұрысбеков үгіт жұмыстарын жүргізді.  Сапары аясында білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, «Uko-S-Star» метал құрастыру мекеме ұжымымен кездесті. Сала қызметкерлері кездесу барысында өздерін толғандыратын сұрақтарды алға тартып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жекелеген баптары бойынша ортақ пікірлерін айтты.


Сырым Ертаев Жетісай ауданының жергілікті тұрғындары, диқандары, білім саласының өкілдері мен жастары қамтылған кездесулерде референдумды әңгімеге арқау етті. Жиындарға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Т.Қаржауов жәге Т.Қырықбаев қатысып, жұртшылыққа ақпараттық түсіндірмелер жүргізді. Сондай-ақ штаб мүшелері “Асыл қазына және тең қоғам” әлеуметтік орталығының жұмысымен де танысып, ұжымымен, қариялармен әңгімелесті.

Жалпы партия жанындағы республикалық штаб мүшелерінің Түркістан өңіріне жұмыс сапары 3 маусымға дейін жалғасады. Жергілікті тұрғындардың билік өкілдерімен бетпе-бет жүздесуіне, пікірлесуіне және ұсыныстарын білдіруге айтарлықтай мүмкіндік туып отыр.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x