Cоңғы жаңалықтар
Back

Келес ауданында биыл ет өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады

Биыл Келес ауданында Сарыағаш «QZ» ЖШС-нің ет және шұжық өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылады. Жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске асырылмақ. Зауыттың жалпы құны 350 млн теңге, онда 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгінгі брифингте Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.

– Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 62 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,8 млрд теңгеге артқан. Өңірде озық технологияны қолдана отырып, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба іске асырылды. Аймақта жалпы – 121 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері алынып, облыстағы үздік көрсеткішті көрсетті, – деді Ақментай Үсенұлы.

Биылғы жылы аудан бюджетінің есебінен 133 млн теңгеге 101 шақырымды құрайтын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде 217 гектар жер қайта айналымға түспек.