Cоңғы жаңалықтар
Back

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін теңдесі жоқ зауыт жұмыс істейді

Жақында Dalanews.kz ақапараттың агенттігінің тілшілері Өскемен қаласының іргесінен бой көтерген тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың жұмысымен танысып қайтты. Өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған кәсіпорынның іргетасы өткен жылы қаланған болатын. Қазір кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр.

2021 жылы еліміздің «Экологиялық кодексі» жаңарып, заман талабына сай қайта түлеген болатын. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа кодексті өңірлерде тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындарды салу ісіне айрықша көңіл бөлінген-ді. Мамандардың сөзіне сенсек, алдағы 2025 жылға дейін еліміздегі облыс орталықтарының жанынан тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар бой көтеруі шарт.

Бүгінде «Экологиялық кодексті» көрсетілген басты талапты орындау үшін жергілікті билік орындары бұған баса көңіл бөліп, тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындарды салуға күш салып жатыр. Бұл бағытта әкімдіктер кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеп, бұл бағыттағы жұмыстарға инвестиция салуға қызықтырып жатыр.

Өскеменде салынған зауыттың елімізде осыған дейін салынған зауыттардан өзіндік өзгешелегі бар. Бұл – зауытта тұрмыстық қалдықтар автоматты түрде түрде сұрыпталады. Ал елімізде осыған дейін бой көтерген кәсіпорындарда тұрмыстық қалдықтарды қарапайым жұмысшылар қолмен сұрыптап келген еді.

Өскемендегі зауытта қоқысты сұрыптау ісіне адам араласпайды. Қоқысты сұрыптау оңай шаруа емес. Дәл қазір бұл жұмысты атқаратын адамды табу да қиын. Сондықтан Батыс елдерінде қоқысты сұрыптау ісі толықтай автоматтандырылған.

Dalanews.kz тілшісіне жобаның жетекшісі Қайырбек Молдияров зауыттың жұмысы жайында аз-кем баяндап берді.

– Бұл зауыт өткен жылы салынды. Кәсіпорында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, өңдеу үшін Герекияда жасалынған құрал-жабдықтар орнатылған. Көне Эллада жерінен келген мамандар бір ай бойы құрал-жабдықтарды орнатып, жұмысшыларымызға қондырғылармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретті, – деді.

Тұрмыстық қалдықты өңдейтін зауыт салмай тұрып, өндірістік нысанды қажетті ресурспен қамтамасыз етуді басты назарға алуы керек. Осыған дейін қоқысты өңдейтін зауыттарды салып алып, өңдейтін қоқыс таппай қиналған кездеріміз болғаны жасырын емес. Зауыт салғанда оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне де баса мән беру керек.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасы мұны назардан тыс қалдырған жоқ. Зауыттың ірге тасы қалана бастаған сәтте жергілікті билік орындары қаладан шығатын тұрмыстық қалдықтарды жинайтын 12 машиана мен 3 мың сұрыптау контейнер орнатқан. Осылайша Өскеменде қоқысты сұрыптап жинау ісі жолға қойылғанын айта кетуіміз керек. Осылайша Өскемен қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ісіні 4 млрд теңге жұмсалыпты.

Бүгінде қаладағы тұрмыстық қалдықтар шетінен сұрыпталып, өңделуде. Мамандар сұрыпталатын қалдықтардың 50-60%-ын тамақ қалдықтары құрайтынын айтуда.

Бүгінде сұрыпталған қазғаз қалдықтарының 1 келсі 150 теңге тұрса, ПЭТ-тің 1 келсі 55 теңге, ал әйнектің 1 келсі 44 теңгені құрайды.

Иә, бұл анау айтқандай қымбат баға емес. Тұрмыстық қалдықты сұрыптау ісімен айналысатын кәсіпкерлер осыған дейін сұрыпталған қалдықтарды бір қаладан екінші қалаға тасу кезінде біраз шығынға батқаны жасырын емес.Бұдан соң, мемлекет қоқыстың сұрыптайтын кәсіпкерлердің жол шығынын субсидиялауға мәжбүр болды.

Егер жаңа «Экологиялық кодексте» көрсетілгендей еліміздің барлық өңірінде тұрмыстық қалдықтардың сұрыптайтын зауыттар салынатын болса, кәсіпкерлер сығымдалған тұрмыстық қалдықтарды ары-бері тасып әуіреге түспейді. Бұл кәсіпкерлер мен мемлекет үшін де тиімді болмақ.

Өскемендегі тұрмыстық қалдықты өңдейтін зауытты басты жүрегі сұрыптау цехы десек болады. Зауыт басшылығы мұндай қоқыс сұрыптау тізбегі бар зауыт Қазақстанды былай қойып, Ресейдің өзінде жоқ екенін айтуыда. Гректер о баста қоқысты сұрыптайтын тізбектің үш нұсқасын ұсыныпты. Біріншісі қоқысты қолмен сұрыптаса, екіншісі жартылай автоматты сұрыптау, үшіншісі толық автоматты сұрыптауды ұсынған.

Жартылай автоматты сұрыптау тізбегінің құны 1 млрд теңгені құрапты. Ал толық автоматты сұрыптау тізбегі 1 млрд 360 млн теңгені құраған. Жоба иелері ойлана келе толық автоматты сұрыптау тізбегін алғанды жөн деп тауыпты. Қазір кәсіпорында 30 адам екі ауысым бойынша жұмыс істеуде. Егер жартылай автоматты сұрыптау тізбегін орнатқанда жұмысшылардың саны жүзге жетіп шығылар еді.

Алдағы 2023 жылы Өскемен қаласында қоқысты өртейтін заманауи зауыттың іргетасы қаланады деп жоспарлануда. Егер бұл зауыт салынса, Өскеменнен шыққан екінші рет өңдеуге жатпайтын тұрмыстық қалдықтардың 70%-ы арнайы газды вакуумды пеште өртелетін болады. Қоқыс өртейтін пешт жылына 5 МВт электр қуатын өндіретінін де айта кетуіміз керек. Осылайша өскемендіктер бір оқпен екі қоян атып, экологиялық ахуалды реттеуді жоспарлап отыр.

Қуаныш СМАҒҰЛ, Өскемен қаласы.