Back

«Мектебіңе домбыра сыйла!». Түлкібастық түлектер мектепке 45 домбыраны сыйға тартты

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы биыл да жалғасын тапты. Дәстүрге айналған шара Ұрбұлақ мектебінде жоғары деңгейде аталып өтті. Тағылымды акция асында мектептегі домбыра үйірмесі 45 дана жаңа ұлттық аспаппен толықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аталған білім ұясын 30 және 50 жыл бұрын бітірген түлектер демеушілігімен жүзеге асты. Бүгінде бірі ел анасы, енді бірі әулет ақсақалы атанған жандар оқушылардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскенін қалайды. Сондықтан, ұлттық кодты дәріптеудің маңызы айрықша.

Мектеп жанынан құрылған домбыра, ән, би үйірмелерінің тәлімгерлері келген қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиын соңында Ұрбұлақ мектебінің директоры «Балалар жылына» арналған игі шараны эстафета ретінде Тұрар Рысқұлов мектебіне жолдады.