Өскеменде халықаралық стандарттарға сай стол тенисі орталығы ашылды

Dalanews 30 сәу. 2022 02:25 270

Шығыстың шырайлы мекені Өскемен қаласында халықаралық стандарттарға сай келетін  үстел теннисі орталығының ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шаһар тағы да бір спорттық нысан ел игіліне пайдалануға берілді. Біздің еліміз үшін үстел теннисі – ең танымал және бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Тек ШҚО-да  450-ден астам теннис секциялары жұмыс істейді, онда 11 мың адам айналысады.

Еліміз бойынша ең ірі мамандандырылған үстел теннисі орталығында 58 үстел мен 300-ге жуық көрермен орны бар. Сондай-ақ, ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдай алады.

Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына өңір басшысы Даниал Ахметов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, стол теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин және спорт жанкүйерлері қатысты.

Облыста бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келетіні жайлы өңір басшысы ерекше атап өтіп, бұл спорттық нысаннан  талай жеңімпаздардың шығатынына сенім білдірді.

– Бүгін біз үшін ерекше күн достарым. Теннис орталығы халықаралық стандарттарға сай. Әлемдік деңгейдегі бәсекелерді өткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Болашақта Азия, Әлем чемпионаттарын өткізетін күн алыс емес, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Бұл жерде тек балалар мен ересектер ғана емес, сондай-ақ спорттың осы түрімен шұғылданатын, барлық қажетті жағдайлар жасалған ерекше қажеттіліктері бар адамдар да айналыса алатыны өте маңызды.

Өскемен қаласының тұрғындары кәсіби және әуесқой спортпен айналысуға барлық мүмкіндіктері бар. Орталықта үстел теннисінен арнайы ашылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, ол үшін кәсіби жаттықтырушылар еңбек етеді.

Сондай-ақ  ғимаратта спортшыларды оңалту және физиотерапияға арналған ең заманауи жабдықтармен жабдықталған медициналық диспансер орналасқан.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Өскемен қаласында ашылған стол теннисі орталығы халықтың  спортқа деген қызығушылығын арттырып, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін нысан болары анық.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x