Back

Түркістанда триатлоннан қазақстан кубогы өтіп жатыр

Түркістанда триатлон спортынан Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтуде. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Триатлон федерациясының ұйымдастыруымен екі күнге созылатын спорттық жарыс бүгін басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Триатлон – бұл үш циклдық спорт түрінен, яғни, жүзу, велоспорт және жүгіруден тұратын спорттың қиын түрі.

Жарысқа қатысушылар сайысты Президент саябағындағы жасанды көлде жүзуден бастап, Б.Саттарханов даңғылымен велосипедпен жүріп өтті.

Ары қарай «Olympic Center» спорт кешеніне дейін жеткен велошабандоздар одан кейін жүгіруден жарысты.

Атап өтейік, триатлонның спринт түрінде 750 метрге жүзу, 20 шақырымға веложарыс және 5 шақырымға жүгіру нормасын орындауы керек.


Спортшылар төзімділігі шыңдалатын жарыста ерлер арасында бірінші орынды Алматы қаласынан Ануар Турубаев иеленсе, 2-орын Егор Крупияков (Алматы қаласы), 3-орын Александр Тенге (Алматы қаласынан) бұйырды.

Ал қыздар арасында 1-орынға Екатерина Шабалина шықса, (Нұр-Сұлтан қаласы), 2-орынды Юлия Озерова (Алматы қаласы), 3-орынды Дарья Быгкова (Қостанай) еншіледі.

Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов марапаттап, құттықтау сөз сөйледі. Жарыс екі күнге созылады

Тағы оқыңыз:

Түркістанда туризмге 100 млрд теңге инвестиция тартылған