Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды

Dalanews 23 сәу. 2022 03:30 197

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Данияр Өтешов облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Данияр Өтешов Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, жоғары білімі бар, Қ. Сәтбаевтың атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша, Назарбаев Университетін «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша бітірген.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2014 жылы «Аташ-Сервис» ЖШС директоры, 2015 жылдан 2017 жылға дейін «Ақтау-Азимут» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған. 2017 жылы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін «Ақтау-Азимут» ЖШС директор қызметін атқарды.

Облыс әкімі ұжымға басқарманың жаңа басшысын таныстырып, өңірдің туристік саласы қайта жаңғыртуды қажет ететінін, ол үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажеттігін атап өтті. Әкім туризм басқармасының алдында өңірдің туристік әлеуетін арттыру бойынша үлкен міндет тұрғанын, оған үкіметтік емес ұйымдардың, белсенділердің және  облыстың жанашыр тұрғындарының көмегімен іске асыру қажет екенін жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x