"Құрмет" орденінің кавалері Алматы облысының экологиясына зиян келтірді

Dalanews 22 сәу. 2022 13:29 238

Жақында зейнеткер, "Құрмет" орденінің кавалері Алматы облысы әкімдігінің жанында өзін өртеуге ниетті екендігі туралы ақпарат шықты. Оның айтуынша, аудан әкімі мен прокурор азаматтық белсенділерге қысым көрсетіп отыр.

Ал, әкімдік өкілдері айтуынша, азаматтың заңды белден басқаны анықталыпты. Бұған дейін "Огонек" бау-бақша шаруашылығының төрағасы Н.К.Жарылқасын, Ақтас саяжайының тұрғындарының ұжымдық үндеуі негізінде "Жан-Ару" ЖК-ның қарым-қатынасына ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Белгілі болғандай "Жан-Ару" ЖК Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 76, 90-баптарында, 350-бабының 7-тармағында және 206-бабының 2-тармағында көрсетілген заң талаптарының сақталмағаны анықталған.

Аталған ШҚ басшысы зейнеткер, "Құрмет" орденінің кавалері Айжігітов.

Аудандық прокуратура анықтау барысында жер телімінде Б.С. Айжігітов пен А. Б. Айжігітов құм мен қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіріп отырғаны анықталған.

Алматы облыстық сотының 2022 жылғы 15 ақпандағы қаулысына сәйкес Талғар аудандық сотының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы "жан-Ару" ЖК қатысты қаулысы өзгертілді және 3 (үш) ай мерзімге тұрмыстық қалдықтарды қоймаға жинау қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза тағайындаған. Қаулы жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енді.



Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты Ержан Игібаевтың айтуынша, «Жан-Ару» ЖК қызметін тоқтата тұру бойынша сот шешіміне қарамастан, мемлекеттік сот орындаушыларының қаулысына қайшы қоқыс қабылдауды жалғастырған.

[video width="480" height="848" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2022/04/WhatsApp-Video-2022-04-22-at-18.07.23.mp4"][/video]

- Айтжігітовке қоқыс өңдеу зауытын салу үшін жер берілді, бірақ 8 жыл ішінде ол ештеңе істемеді және орнын тұрмыстық және бейорганикалық қалдықтар бойынша рұқсат етілмеген полигонға айналдырды. Біз тексеру үшін барған кезде онда тіпті жануарлардан алынған ұшалар да болған, ал бұл үшін арнайы лицензиялар қажет, өйткені мұның бәрі инфекция мен вирустық аурулардың тасымалдаушылары болып табылады, - деп атап өтті Ержан Игібаев.



 

Талғар ауданы ақсақалдарының айтуынша, Айжігітов тарапынан жасалған мұндай әрекет адам сеңгіз.
- Ақсақалдың бүкіл елге өзін өртеп жіберетінін осылай жазуға бола ма? Өзінің кінәсі бола тұра бұлай жасауы қате. Ол өзі заңды бірнеше рет бұзған. Менің ойымша, бұл "Құрмет"ордені бар адам үшін лайықты әрекет емес. Керісінше, жас ұрпаққа үлгі болуы керек. Біз табиғатты қорғап, зиян келтірмеуіміз керек, - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Рахымбергенұлы.

Өз кезегінде Алматы облысының экология департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x