Нұрлан Ноғаев: «Telegram каналымызға жазылған сұрақ пен өтінті жауапсыз қалдырмаймыз»

Dalanews 15 сәу. 2022 06:32 239

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапарының екінші күнінде Батыр және Қызылтөбе елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есеп беру кездесуінде Батыр ауылының әкімі Сауыт Айтбаев бір жылда атқарылған жұмыстарды баяндап, ағымдағы жылдың жоспарларымен бөлісті. Нұрлан Ноғаев өз кезегінде тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Халық ауыз сумен, көгілдір отынмен, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды шығару, көшелерді жарықтандыру, мәдениет үйінің құрылысы, мектептегі білім сапасы мәселелерді көтерді.

Батыр ауылдық округіне 8 ықшамаудан кіреді. Олар – Әмір, Шерқала, Самал, Болашақ, Хазар, Астана, Алматы, Тамшалы. Онда барлығы 19 мыңға жуық тұрғын тұрады. Әмір және Алматы шағын аудандарында 960 орындық екі орта мектеп бар. Онда 5088 бала білім алуда.

Сондай-ақ, «Самал» ықшамауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.

Ауыл әкімінің айтуынша, биылғы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Астана» шағын ауданында 2 медициналық пункт, Тамшалы ықшамауданында бір балалар ойын алаңы және бір спорт алаңын салу жоспарлануда.

Жиын барысында тұрғындар сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесін көтерді.

– Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті – халыққа сапалы қызмет көрсету. Қызмет көрсетушінің өз лауазымын асыра пайдаланып, халыққа дөрекілік көрсетуге құқығы жоқ. Бізде белгілі бір қызмет көрсету бойынша пікір қалдыруға арналған бірқатар жілі бар, соның бірі – Telegram қосымшасындағы «Маңғыстау облысының әкімдігі» чаты, оған кез келген адам кіріп, анонимді түрде сұрақ қойып, өтініштерін жеткізе алады. Ол чатта мен де, әріптестерім де бар. Сондықтан тұрғындардың кез-келген сұрағы жауапсыз қалмайды, – деді Нұрлан Ноғаев.


Бүгінгі күні Telegram қосымшасындағы «Маңғыстау облысының әкімдігі» чат арнасында (https://t.me/mangystauakimat) 9400-ден астам тұрғын бар, чат ашылғаннан бері (2021ж. қазан) тұрғындар тарапынан 5447 сұрақ келіп түскен.

Түстен кейін Нұрлан Ноғаев Қызылтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Бүгінде Қызылтөбе ауылында 31 мыңнан астам халық тұрады. Ауылдық округте 1 жабық спорт кешені, 3 ашық футбол алаңы, воркаут, волейбол және 8 балалар алаңы бар.

Облыс әкімімен кездесуде ауыл тұрғындары ауыз судың жетіспеушілігі, қаңғыбас иттердің көзін жою, денсаулық сақтау саласының сапасы, жаңа мектеп пен спорт кешенін салу, көшелердегі көлік жүретін жолдардың мәселесін көтерді. Аймақ басшысы барлық аудан, қалалар бойынша іс-шаралар жоспары әзірленетінін, онда мәселелер маңыздылығына қарай шешілетінін атап өтті.



Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша облыс әкімі Батыр және Қызылтөбе ауылдарының азаматтарына арнап жеке қабылдау өткізді.

Әлеуметтік көмекті арттыру туралы ұсынысты қалалық мәслихат қолдады. Әлеуметтік көмектің бұл түрін алуға өтінімді egov.kz («электрондық өтініштер» – «онлайн қызметке тапсырыс беру») портал арқылы қалдыруға болады.

«Ұстау» бағанында тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек, «алушы» бағанында – жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы таңдалады.

Еске сала кетейік, елордада жеке секторды газдандыру жұмысы жалғасуда. Қазіргі уақытта Алматы және Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды.

Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, 9 елді мекенге газ жеткізілді. Қалған екі аудан бойынша газ тарату желілерін салу жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде.


Елорданы газдандыру қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға әсер етеді. Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам отбасы газға көшті.

Бұл қазірдің өзінде 40 мыңнан аса отбасы өз үйін көмірмен жылытпайды дегенді білдіреді. Ал бұл орташа есеппен 40 мың тонна көмірді құрайды.

Газға қосылған үйлердің саны күн сайын артып келеді. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

Қаланы газдандыру Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x