Алматы облысында дауылдан 83 елді мекенде электр энергиясы ажыратылды

Dalanews 31 нау. 2022 04:53 263

Алматы облысының орталығында 29 наурыз күні, сағат 16:00 шамасында қатты жел тұрып, соңы нөсер жаңбырға ұласқан болатын. Табиғи тосын құблысының салдарынан ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштардың құлап, электр сымдарын үзген болатын. Бұл туралы «Jetisy  Media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы ТЖД өкілі  мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жойқын дауылдың салдырынан 10 – көппәтерлі тұрғын үй, 21 – білім беру нысаны, 2 - сауда объектісі, 5 – өндірістік нысан, 10 – әкімшілік ғимарат, 11 - ТЖБ, 1 – діни объект, 2 – денсаулық сақтау мекемесі, 1 – МҰ объектісі, 1 – ауыл шаруашылығы объектісі, 2 – қызмет көрсету нысанына залал келді.

Сондай-ақ,  жалпы ауданы 15408,5 ш.м. 66 шатырдың жабыны ұшып кеткен.  Қолайсыз ауа-райының салдарынан 3 автокөлік зардап шексе, Еңбекшіқазақ ауданында 1 адам жарақат алған.

Кенеттен орын алған табиғи құбылыстың кесірінен 83 елді мекендегі электр энергиясы ажыратылған. Бүгінде 76 елді мекенде электр энергиясы қалпына келтірілді. Қалған 7 елді мекенде (1651 абонент электр энергиясынсыз қалады) авариялық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Олар:

–Талдықорған қ. (2 учаске) – Үйтас, Пригородное  (470 абонент)

– Алакөл ауданы (1 учаске) – Бескөл ауылы (291 абонент)

– Текелі қ. (1 учаске) – ш / а. Маталлург (60 абонент)

– Кербұлақ ауданы (3 учаске) – Шанханай ауылы, Қызылмектеп ауылы, Шаған ауылы (830 абонент). Күн ішінде Электрмен жабдықтау қалпына келтіріледі.

– Ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты жел) 29.03.2022 жылы Алматы облысы ТЖД-да табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін жедел штаб құрылды. Штаб облыстық Азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз өзара іс-қимыл орнатты. Қатты желдің салдарын жою бойынша барлық хабарламалар ТЖД және ЖАО күшімен дереу пысықталды, – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, Азаматтық қорғау майоры Ринат Карандашев.

Айта кетейік, облыс орталығындағы залал келтірілген нысандары шаһар басшысы Әсет Масабаев аралап, қалпына келтіру жұмыстарын ерекше бақылауына алды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x