Шымкентте интернет-конференция өтеді

Dalanews 26 нау. 2022 05:15 211

2022 жылдың 28 наурыз күні, сағат 09.00-18.30 уақыт аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыптарында интернет-конференция арқылы «Кеңес беру күні» өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Департамент Агентства РК по делам государственной службы по городу Шымкент парақшасында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-порталына ЭЦҚ арқылы кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, жоғарыда аталған тақырыпты тауып, «Сұрақ қою» батырмасын басу қажет.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x