Үржар ауданында «Наурыз 2022» мейрамы кең көлемде аталып өтті

Dalanews 22 нау. 2022 12:28 281

Үржар ауданында «Армысың, әз Наурыз!» басты мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Осылайша Үржар ауылында және барлық ауылдық округте, мекемелер, мектептер, бөлімдер мен кәсіпорындарда Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығындағы «Тәуелсіздік алаңында» мекемелердің, азаматтық қоғам өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен ұлттық нақыштағы қазақ үйлер орналастырылды. Шара «Ұлыс күні үкілі Үржарда!» мерекелік театрландырылған қойылымы басталып, аудан әкімі Н.Т.Тоқсейітовтың мерекелік құттықтауы болды.

Биылғы жылғы наурыз мерекесінде орнатылған ұлттық нақыштағы қазақ үйлерге «Хан батыр Қабанбай 330 жыл», «Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы», «Ән падишасы – Роза Бағланова», «Мұхтар әуезовтың туғанына 125 жыл», «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов», «Әсет Найманбайұлының 155 жылдығы», Балалар жылына орай «Бала – біздің болашағымыз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» тақырыбында атаулар беріліп, безендірілді.

«Үржар барысы» қазақша күрестен аудандық турнирі, алтыбақан тебу, «Наурыз дода» гір көтеру және басқа да ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті. «Наурыз-олжа» мерекелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Наурыз мейрамы ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде өткізілуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x