«Каспийде балық көбейсін!». Маңғыстауда балық шаруашылығы басқармасы құрылды

Dalanews 19 нау. 2022 10:19 162

Түпқараған ауданына екі күндік жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев балық шаруашылығын дамытуға арналған көшпелі жиын өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (лицензия) алу, ашық теңізге шығу үшін шекаралық өткізу құжатын алу, тәулік бойы балық аулауға және кәсіпшілік балық аулау нормативтерін шектеу мәселелері көтерілді.

Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері, балықшылар мен сала ардагерлері қатысты.

Жиын барысында Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының жаңадан ашылған балық шаруашылығы басқармасының басшысын таныстырды. Жаңа қызметке «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ экс басшысы Арман Молдашев тағайындалды.


Саланың өзекті мәселелерін талқылаған жиында Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

– Аймақта балық шаруашылығын дамыту үшін біз осы мәселемен ғана айналысатын жаңа басқарма аштық. Осы салада көп жылдық тәжірибесі бар басқарманың басшысы Арман Мулдашевке бірқатар нақты тапсырмалар да берілді. Енді балық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрақты бақылауда болады, – деді Нұрлан Ноғаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x