Cоңғы жаңалықтар
Back

Бозымбаев Жетісудың қайта өңдеу өнеркәсібі импортын 70-пайызға арттырмақ

Жетісу жерінде өнеркәсіп құрылымында өңдеуші сала 88%-ды құрайды. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Облыс тамақ  өнімдері, сусындар 27,5 млн.литрі және 16,2 млн дана темекі өндірісі бойынша көш бастап келеді. Жеңіл өнеркәсіп және қағаз өндірісі де оң динамика байқалады. Аталған бағытта республикада үздік үштік қатарына кіреді. Сала жетістігін Жетісулық БАҚ өкілдерімен кездесуде аймақ басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

Облыста құрылыс материалдарының 70-тен астам түрі өндіріледі және отандық нарықты толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Полиэтилен пленкаларын, плиталар мен жолақтарды құрылысқа қажетті материалдарды  өндіру әлеуеті жоғары. Өндіріс 2 есеге ұлғайған кезде импорттың 70%-ын жабу мүмкіндігі бар.

Ол үшін таяу болашақта аймақта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуатын 60%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл қосымша 270 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жалпы қуаты 5,5 мың тонна полиэтилен пленкаларын шығаратын және 550 тұрақты жұмыс орнын ашатын 5 жаңа зауыт салу көзделіп отыр. Нәтижесінде жылына 22 мың тонна өнім өндірілді.