Жетісуда 10 ірі жылыжай кешенін іске қосу жоспарлануда

Dalanews 24 ақп. 2022 10:44 183

2026 жылға дейін Алматы облысында 45 га жерге 10 ірі жылыжай қолданысқа беріледі. Осы бағыттағы алдағы жоба-жұмыстарды Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ірі жылыжайлардың ашылуы көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттырып, 500-ден астам жұмыс орнын құруға,  жыл бойы көкөніс өндіруге көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Талдау облыстағы жылыжай бизнесін дамытудың пайдасын көрсетті. Жылыжайларда өнімділік ашық топырақта өсірумен салыстырғанда 7 есе жоғары, сондай-ақ маусымаралық кезеңде халықты көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бағаның тұрақтануына әсер етеді, – деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.


Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 105,5 мың гектарды құрайтын 102 жылыжай жұмыс істейді, олар 36 мың тонна көкөніс өндіреді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x