Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде елімізде көш бастап тұр

Dalanews 24 ақп. 2022 10:34 390

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалын әлі де көтеру керек. Бұл мақсатта өңірде өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және құрылыс саласына басым назар аудару керек. Бұл туралы өңір басышысы Қанат Бозымбаев «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару бойынша Алматы облысы елімізде 1-ші орында. Немесе, халықтың  14%  астықпен қамтамасыз отыр. Жалпы, қант, жүзім шырыны, көкөніс, құс және мал етін шығарудан да өңіріміз үздіктер қатарында, – деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кету керек, бүгінде облыстың инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 2,8 триллион теңге болатын 289 жоба бар. Бұл бастама нәтижесінде 19 мың адам жұмыспен қамтылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x