Түркістан: «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау 37 азаматтың өтінішін қаралып, шешімін тапты

Dalanews 02 ақп. 2022 10:59 243

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне әлеуметтік салаға қатысты өтініштер жиі келіп түседі. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева онлайн және офлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол алдымен қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алу, азық-түлік және киім-кешекке мұқтаждық, тұрақты жұмысқа орналасу сынды тағы да басқа мәселелері қаралды.

Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны Д.Сайфуллаева 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергенде құжаттарының толық болмауына байланысты оған әлеуметтік көмек тағайындалмаған.

Бірақ өтініш иесі демеушілер тарапынан азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Осы тектес түрлі жағдайлармен атаулы әлеуметтік көмек ала алмаған кентаулық Г.Боранбаева мен М.Сейтімбетоваға қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына жүгініп өтініш білдіру ұсынылды. Сондай-ақ, партия филиалы тарапынан алда ұйымдастырылатын көмек түрлеріне енгізілетіні айтылды.

Қоғамдық қабылдау кезінде жұмыссыздық мәселесіне қатысты өтініштер қабылдау сәтінде шешімін тапты. Айталық, Отырар ауданының тұрғындары М.Елеу мен А.Төлепбергенова  аудандық жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркеліп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында ақылы қоғамдық жұмыс орындарына ақпан айының 1-нен бастап жұмысқа шықты. Сол сияқты түркістандық азаматтар М.Зейдин мен А.Абдуллаевтар да ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылатын болды.


Басқарма басшысы Ә.Темірбаева партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін назарға алды.

Қабылдауда жалпы 37 адам өз мәселелерін көтерді. Оның 24-і онлайн түрде болса, 13-і офлайн. Азаматтардың арыз-өтініштеріне ҚР заңнамаларына сәйкес түсініктемелер беріліп, оңтайлы шешілуіне дейін партияның бақылауына алынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x