Back

ШҚО-да өткен жылы 681 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Шығыс Қазақстан облысында азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Өңірде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетудің түрлі бағыттары әзірленді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мектеп оқушылары бар көп балалы отбасылар формамен, аяқ киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалардың ата-аналары мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ақы төлеуден босатылған. Ал техникалық және кәсіби білім алатын студенттерге тегін тамақтану және тұру ұсынылады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың қоғамдық көлікте жол жүруін қамтамасыз ету үшін 340,7 млн теңге қаражат бөлінген.

Әрдайым өзекті тұрғын үй мәселесі де жоспарлы түрде өз шешімін табуда. Табыс деңгейі төмен халықты қолдау үшін  тұрғын үй сертификаттарын табыстау  шаралары көзделген. 2021 жылдың басынан бері 204 отбасы 204 млн теңгеге тұрғын үй сертификатын алған.

Сонымен қатар, облыста осы санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кезеңдік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Былтыр кезекте тұрған көп балалы аналар мен әлеуметтік осал отбасылар үшін 9 млрд теңгеге 394 үй берілді. Осылайша, 681 отбасы қоныс тойын тойлады.

Сонымен қатар, 2021 жылы көпбалалы отбасыларға жеңілдік шарттарымен 438 млн теңгеге 160 шағын несие берілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  “Еңбек”  мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары 32 мың адам болды. Оның 27 мың адамы жұмыс тапса, 17 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.   Сонымен қатар, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан 1,2 мың адам өтті.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында былтыр өңірге 645 адам көшіріліп әкеленді.

Әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын жөндеуге көңіл бөлінуде.  Мәселен, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Бородулиха, Тарбағатай, Үржар, Шемонаиха аудандарында және Алтай ауданында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сома 147 млн теңгені құрады.

Тағы оқыңыз:

ШҚО-да бизнестің дамуы үшін шектеулер жұмсарды