Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 300 мыңға жуық жолаушы қатынаған

Dalanews 18 қаң. 2022 10:15 154

Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы әуе рейсін қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде әуежайда жалпы 12 бағытта ұшақтар қатынайды. Оның 2-і халықаралық, 10-ы республикаішілік рейстер. Жаңа әуежай арқылы 2021 жылы 298 мың жолаушы ұшақпен қатынаған. Оның ішінде халықаралық рейстермен – 55 800 адам, ішкі рейстермен – 242 500 мың адам.

Қазіргі таңда әуежай арқылы мына бағыттарда ұшақтар қатынайды:

1) «Түркістан – Ыстамбұл» – аптасына 3 рет (сейсенбі, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

4) «Түркістан – Алматы» – күнделікті;

5) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 2 рет (жұма, жексенбі);

6) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма,жексенбі);

7) «Түркістан – Көкшетау» - аптасына 2 рет (бейсенбі, сенбі);

8) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 1 рет (сәрсенбі);

9) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

10) «Түркістан – Орал» – аптасына 1 рет (сейсенбі);

11) «Түркістан – Талдықорған» - аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

12) «Түркістан – Өскемен» - аптасына 2 рет (сәрсенбі, сенбі).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x