ШҚО-да газ бағасы 60-65 теңге болып белгіленді

Dalanews 12 қаң. 2022 13:21 227

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар реформаларды жариялаған үндеу жасады. Мемлекет басшысы ұсынған даму бағдарламасы әрбір қазақстандықтың және жалпы елдің тағдырына қатысты көптеген мәселелерге бағытталған. Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастамасымен, облыс әкімінің орынбасары – Нұржан Жұмадиловтың төрағалығымен отырыс өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Сұйытылған газ бағасын төмендету бойынша өткізілген жиналысқа ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директоры орынбасары Ринат Набиев және газ тасымалдаушы ұйым өкілдері қатысты. Жиналыс барысында басқарма басшысы Алмат Ақышов жаңа баға саясаты бойынша толық түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында барлық тараптар облыс көлемінде автокөлік газ бағасын 60 теңгеден (шалғай аудандарда - 65 теңге) асырмау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, аталған баға 180 күнге дейін сақталады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x