Шағын және орта бизнес 270 мың адамды жұмыспен қамтып отыр

Dalanews 11 қар. 2021 12:24 201

Алматы облысында 128 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, онда 269 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында журналистерге баяндап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Амандық Ғаббасұлының айтуынша, өткен 9 айда бюджетке 144 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,8 есе артық. Қолданыстағы бағдарламалар аясында 3 мыңнан астам кәсіпкерге 26 млрд теңге сомаға қолдау көрсетілді.

– Жыл қорытындысында шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім мен көрсеткен қызмет көлемі екі трлн. теңгеге жетеді, ал олардың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі өткен жылғы 32,4%-тен 34,3%-ке ұлғаяды. Осылайша, Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай 35%-ке жетізу туралы тапсырмасын біз келесі жылы орындаймыз, – деді өз сөзінде А.Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x