Биыл Жетісуда 137 мектеп жаңғыртылды

Dalanews 10 қар. 2021 18:13 259

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдардағы сайлауалды бағдарламасы аясында үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін және бейімделген мектептердің орнына 115 мектеп салынуы тиіс. Биылғы жылы жоспарланған 17 мектептің 5400 орынды 12-сі іске қосылды, тағы бесеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімнің айтуынша, жыл басынан бері қолданысқа берілген 12 мектептің алтауы – жекеменшік мектеп. Бұдан басқа, 137 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оған 11,3 млрд.теңге бағытталған. Жыл басынан бері 9590 орынды 135 балабақша ашылды.

– 3-6 жастағы балаларды қамтуда биылға жоспарланған көрсеткішіміз – 99,9 процент. Оған қол жеткізу мақсатында мемлекеттік тапсырысқа қосымша 2,5 млрд.теңге қарастырылды. Жалпы, облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды, оның 34,3 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Ал 2022 жылы қамту көрсеткішін 100%-ке жеткіземіз, – деді Амандық Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x