Алматы облысында биыл «Еңбек» бағдарламасының жұмыспен қамту шараларына 60 мың адам тартылды

Dalanews 10 қар. 2021 18:02 210

Биыл Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың белең алмауына мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды, – деп атап өтті Амандық Баталов.

Сондай-ақ 251 мың адам жалпы сомасы 10,3 млрд теңге әлеуметтік көмек алған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x