Тәуелсіздік жылдары Алматы облысына 6,5 трлн теңге инвестиция салынған

Dalanews 11 қар. 2021 17:56 309

Алматы облысында жалпы өңірлік өнім көлемі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 35 млн.теңге болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3 трлн 700 млрд теңгеге жетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіге сілтеме жасап.

Облыс аумағында өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн теңгеден асқан Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

30 жыл ішінде өңірде 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал бюджет түсімдері 1997 жылғы 11 млрд теңгеден бүгінгі күні 742 млрд  теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн теңге инвестиция салынды, деп атап өтті Амандық Баталов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x