ШҚО экологтары зауыттан шыққан қызғылт түтіннің себебін айтты

Dalanews 24 желт. 2021 11:12 156

Өскемен қаласындағы Титан магний комбинатының төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты экологтар түсінік берді. 

ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша қызғылт түтіннің шығуына – хлораторлы цехтың 4 құбырының бір уақытта тазалануы себеп болған.

«Құбырларды құрамында хлор бар реагенттерден тазарту жұмысы жүргізіліп жатқан. Соның салдарынан қызғылт түтін пайда болды. Кәсіпорын өкілдері бізге түтіннің көп болмағанын айтты. Қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссия бұның ақ-қарасын анықтап жатыр», - дейді ол.

Данияр Әлиевтің сөзінше, бүгінде кәсіпорында тексеру жұмыстары жалғасуда. Сондықтан экологтардың нақты қорытындысы тиісті шаралар аяқталғаннан кейін ғана шығады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемендегі зауыт төбесінде қызғылт түтіннің пайда болғаны хабарланған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x