Катонқарағада жөнделген жолдар туризмнің дамуына серпін беруде

Dalanews 23 желт. 2021 12:12 273

Катонқарағай ауданындағы туризм саласын дамытуда жолдың алатын орыны ерекше. ШҚО әкімдігі аудандағы жолды жөндеп, жаңадан салуға айрықша мән беріп отыр. Тәуелсіздік жылдары ауданда 115 шақырым автомобиль жолдары жөнделіп, ұзындығы 70 метрлік 1 көпір салынған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Өскемен – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» республикалық маңызы бар және «Үлкен Нарын – Күршім» ауданаралық маңызы бар жолдарда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы екі жолды жөндеуге жөндеуге 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

«Нұрлы жол» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында Үлкен Нарын, Катонқарағай, Өрел, Топқайың, Солдатово, Көктерек ауылдарындағы елді мекендердің жолдары және Көктерек, Солдатово ауылдарының кіреберістері жөнделді.

«Сөгір – Барлық – Ақсу» жолдарында 0-14 км учаскеде және «Жаңа Үлгі – Жамбыл – Берел» жолдарында 55-65 шақырымндағы учаскені жөндеу жұмыстары аяқталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x