Шаруалар табысты жұмыс істеуге бет бұрған

Dalanews 23 желт. 2021 18:05 158

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы егін шаруашылығын әртараптандырудың маңызын түсінген. Осы ретте Катон Қарағай аудандағы шаруалардың табысты жұмыс істеп, өзге дақылдарды өсірумен айналысқаны жарқын мысал болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Катон Қарағай ауданында жоғары табысты дақылдарды өсіру ісі соңғы 10 жылда 14,4 мың гектардан 29,3 мың гектарға ұлғайғанын атап айтуға болады. Бүгінде аудандағы күнбағыс алқабы 23,8 мың гектарды құраса, рапстың көлемі 5,5 мың гектарға жеткен. Осылайша аудандағы шаруалар кәсіптерін әртараптандырып, заман талабына сай жұмыс істеуге көшкен.

Соңғы уақыттары ауданда бидайдың өнімділігі де айтарлықтай жоғарлаған. Ауыл шаруашылығы мамандарының мәліметінше, аудандағы шаруалар бидайдан әр гектарына 10 центнер 17 центнерге дейін өнім алса, майлы дақылдар бойынша өнімділігі әр гектардан 15 центнерден 20 центнерге дейін ұлғайған. Осы ретте өнім көлемінің артуына аудандағы шаруалардың егін шаруашылығына жаңа технологияларды пайдаланғаны әсер еткенін айтуға тиіспіз.

Аудандағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің табысқа жетуіне мемлекет тарапынан бөлінген субсидия мен жеңілдетілген несиелер де пайдасы тигенін айта кетуіміз керек. Соңғы жылдары Катон Қарағай ауданындағы шаруалар 1,8 млрд теңгенің несиесін алып, замнауин ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Жаңа техникалар шаруалардың табысын еселіп, еңбек өнімділігін арттырған. Бұдан басқа сапасы жоғары тұқымдар мен тыңайтықштар да шаруалардың жұмысының алға басуының септескені белгілі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x