ШҚО қорғандарынан табылған 60 мың артефакт әйгілі ғалымдардың назарын аударуда

Dalanews 23 желт. 2021 17:26 278

ШҚО-да бірнеше жылдан бері археологиялық зерттеулердің аймақтық бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның арқасында тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев маңызды жаңалықтар ашты.

Айта кетсек, 2015 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен әр түрлі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жатқан ғалымдар Шығыс Қазақстанға шақыртылған болатын. Археологияны дамытудың 5 жылға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленіп, қазба жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, 6 жыл ішінде әлем назарын бұрған ауқымды ғылыми жаңалықтар ашылып, Тарбағатай ауданында тоналмаған екінші Алтын адам табылып отыр.

Осы жұмыстардың табысты нәтижелері 3 томдық "Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі", "Қазақстан тарихы" монографияларын дайындап, басып шығаруға негіз болды.

Шығыс Қазақстанның қорғандарынан табылған 60 мың бірегей артефактілер жинақталған "Ұлы Дала алтыны" көрмесі ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды.


Металл өңдеу техникасы мен зергерлік шеберлігі ежелгі көшпенділер өркениетінің жоғары деңгейін айғақтайды.

Шығыстан табылған артефактілер ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінен бастап 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін Кембридж университетіндегі көрмеде экспонатталады. Бұл Қазақстан мұрасын ілгерілетудегі тарихи қадам болды

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x