ШҚО-ның кәсіпорындарына қолдау көрсетілді

Dalanews 23 желт. 2021 17:19 202

Ағымдағы жыл аймақ экономикасын қалпына келтіру жылы болды. Әлеуметтік оқшаулау шараларының әлсіреуі және сыртқы жағдайлардың жақсаруы экономиканың нақты секторының өсуінің негізгі факторлары болып табылады. Бұл жерде, бірінші кезекте, азаматтар мен бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілетін ауқымды және жедел көмекті атап өту қажет.

Президенттің бастамасы бойынша "Бизнестің жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларының қолданылуы 2022 жылға ұзартылды. Соның арқасында ШҚО-дағы кәсіпорындар жобаларды субсидиялау және кепілдендіру бойынша 4,6 млрд теңгеге қосымша қолдау алды.

Бүгінгі таңда "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша 2010 жылдан бері 3 мыңнан астам жоба субсидияланды, 1,5 мың жоба кепілдендірілді, 384 жоба гранттық қаржыландыруды алды. Бұл мақсатқа 255 млрд теңге бағытталды.

"Ақ Ниет" жеңілдетілген несиелендірудің өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8,8 млрд теңгеге 513 жоба қаржыландырылды.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша импорт алмастырушы өндірістерді кеңейту үшін 45 млрд теңгеге 272 жоба қаржылық қолдау алса, 206 жоба 43 млрд теңгеге субсидияланды.

Сонымен қатар, өңірде экономиканы әртараптандыру, тауарлар экспортын кеңейту жұмыстары да жалғасуда

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x