ШҚО-ның ірі қалаларында "SOS" дабыл түймесі орнатылды

Dalanews 23 желт. 2021 16:55 173

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және "Полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша ШҚО-да "SOS" дабыл түймелері орнатылды. 

Облыс бойынша барлығы 10 батырма (Өскеменде-5 және Семейде-5) орнатылған.
"SOS" дабыл түймесі құқыққа қарсы іс-әрекеттер туындаған жағдайда немесе төтенше жағдайларда дабыл сигналын беруге және полицияны шұғыл шақыруға арналады.

Батырманы басқан кезде ШҚО ПД жедел басқару орталығының операторымен автоматты түрде қосылу жүргізіледі, ол бейне және аудио арқылы онлайн-режимде өтініш берушімен байланысты ұйымдастыруға және оқиға туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік береді.

Өскемен қаласында келесі мекенжайлар бойынша осындай 5 батырма орнатылған және жұмыс істейді:

1. Қабанбай батыр көшесі ("Заңғар", "Ануар", "Евразия" сауда үйлерінің ауданы),
2. Теміржолшылар көшесі ("Өскемен-1" теміржол вокзалының ауданы),
3. Абай даңғылы ("Заречный" базарының ауданы, "Темірлан", "Даниэль" сауда үйлері),
4. Виноградов-Грузинская көшесі ("Ивушка" сауда үйлерінің, "Дос-Нар"базарының ауданы),
5. Назарбаев даңғылы.

Семей қаласында сондай-ақ келесі мекенжайлар бойынша осындай 5 батырма орнатылған және жұмыс істейді:

1. Засядко-Уәлиханов көшесі ("Аркада", "Аляска", "Ақшын" сауда үйлерінің ауданы),
2. Ертістің ескі жағалауы (студенттер үйі, "Айкел"мейрамханасы),
3. Әуезов даңғылы ("Океан", "Жаңа базар" сауда үйлерінің ауданы, "Әлем" кинотеатры),
4. Пушкин көшесі (Абай алаңы, "Старая мельница", "Вдали от жен" кафелерінің ауданы),
5. Мұхамедханов к-сі ("ЦУМ", "Рахат", "Сулпак", "Технодом" сауда үйлерінің ауданы).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x