Алдағы уақытта Өскемен мен Семейде қандай маңызды жобалар іске асады?

Dalanews 23 желт. 2021 16:59 236

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының қос тұмарындай болған Өскемен мен Семей қалалары жан-жақты дамып келеді. Осы ретте қос қала Еуропалық қайта құру және даму банкының қоршаған орта қорғау және қоқыстарды жинау бағдарламасына іліккенін айтуға болады.

Халықаралық қаржы ұйымының маңызды бағдарламасына дүниежүзінің 50 қаласы таңдалынып алған болатын. Қазақстаннан екі бірдей қаланың ілігуі көңілге қуаныш ұялатады.

Бүгінде Еуропалық қайта құру және даму банкі 75 млрд теңгені құрайтын 12 бастаманы және 302 млрд теңгеге бағаланған 102 бағдарламаны қаржыландыруға уағдаласқан. Бұл жобалардың арасында «Жаңғыс Солар» күн электр стансасын салу жобасы да бар.

Бұдан басқа жергілікті бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында құны 98,6 млрд теңге болатын 180 жоба мемлекет пен бизнестің әріптестігі аясында жүзеге асыру көзделініп отыр. Бүгінде осы жобалардың 129-мен келсімшартқа қол қойылған. Оның құны 39,6 млрд теңгені құрайды.  


Тарқатып айтсақ, мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында Өскемен мен Семейдегі қоғамдық көлікті электронды билет жүйесіне көшіру, сонымен қатар қос қалада «Сергек» фото-видео бақылау камералын орнату ісі бар. Бұдан басқа түрік компанияларымен бірлескен құны 5,7 млрд теңгеге бағаланған Глубокое ауылндағы жылу жүйесінің жобасын да айта кетуіміз керек.

Өскемен мен Семейдегі жылу және сумен қамтуға қатысты үш жоба да мемлекет пен жекеменшік әріптесік аясында іске астан болады. Бұдан басқа қос қаланың жарықтандыру жобасы да бар. Жарықтандыру жобасы іске асқан жағдайда Семейдегі жарықтандыру үш есеге дейін астын болады?

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x