Курчатовта 34 спорттық нысан қала тұрғындарына игілігі үшін жұмыс істейді

Dalanews 03 желт. 2021 11:04 237

Бүгінде Курчатов қаласында халықтың бұқаралық спортпен айналысуы үшін 34 спорттық нысан жұмыс істейді. Қаладағы бұқаралық спорттың қалай дамып жатқанын Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала басшысы Курчатовте 12 спорт залы, 5 спорттық алаң, 2 алаңша, 4 хоккей корты, 3 көпфункциональді алаң, 3 тренажер залы бар екенін алға тартты. Бұдан басқа қалада жасөсіпірімдерге арналған спорт мектептерінді 400-ден астам бала спорттың сегіз түрімен айналысады екен.

– Елімізде қалыптасқан эпидахуалға қарамастан қаламыздың намысын қорғап жүрген спортшыларымыз тоғыз облыстық, тоғыз республикалық, екі Азия аумағындағы және аймақаралық жарыстарға қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Осы жарыстардың нәтижесінде қоржынымызға 104 медаль түсті. Олардың 33 алты, 37 күміс, 34 қола. Төрт спортшымыз гир көтеру, армрестлинг және қазақша күрес бойынша «спорт шебері» деген атаққа ие болды, – дейді Курчатов қаласының әкімі Алексей Глазинский.


Осы ретте Курчатов қаласында демеушілердің қолдауымен бассейн саланып, барлық дезинфициялық құрал-жабдықтарды алып берген болатын. Қазіргі таңда бассейн карантиндік шараларға байланысты уақытша жұмыс істемейді.  Карантин аяқтлағаннан кейін қала тұрғындары бассейіннің қызығын көретін болады.

– ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті рұқсат бергеннен кейін оқушылар бассейнде жаттығу жұмыстарын жалғасатын болады. Су спортымен айналысатын жас жеткіншектерге бассейн тегін қызмет көретеді. Бассейнде жаттықтыруышлар мен медицина қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін ұдайы бақылайды, – деді қала басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x