Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ШҚО-да «Зауыт жастары – 2021» байқауы өтті

Dalanews 06 желт. 2021 12:09 169

Шығыс Қазақстан облысында «Зауыт жастары 2021» дәстүрлі жұмысшы жастар арасындағы облыстық байқау өз мәресіне жетті. Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған байқауға өңірдегі кәсіпорындарды жұмыс істейтін жастар белсене қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО жастары тарапынан айрықша қолдауға ие болған байқау биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Жыл өткен сайын шараға қатысатын кәсіпорындардың саны артып келеді. Биылғы жарысқа 7 кәсіпорының командасы қатысып, өзара бақ сынады.

Облыс орталығында ұйымдастырлатын жарысқааудандағы кәсіпорындарда қатысып, байқаудың аясы кеңейте түскенін айта кетуіміз керек. Биыл жарысқа «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АО, «Өскемен ЖЭС» ЖШС, «Согринск ЖЭС», «Кәсіп Қорған» одағы, «Востокцветмет», «Востокцветмет» компаниясына қарасты Орлов өндірістік кешені және «АЭС Шүлбі ГЭС» серіктесі сынды іргелі кәсіпорандарда жасақталған командалар қатысты.

– Жыл сайын ұйымдастырылатын байқау облысымыздағы жастардың шығармашылық қыры мен спорттық әлеуетін арттырып, жастардың жүрегіне отаншылыдық сезімін жағып келеді. Жарыс жұмысшы мамандығын жастар арасында кеңінен насихаттау ісіне де көп септігін тигізуде. Осы жарысқа қатысқан колледждердің жастары кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастармен араласып, оқуларын аяқтағаннан кейін өндіріс орындарында өздерін қандай адамдардың күтіп тұрғанын біліп, болашақ жұмысы жайында мол мағұлмат алу мүмкіндігіне ие болды. Тәуелсіздік жылдары жастардың өзін-өзі дамыту үшін мемлекет барлық жағдайды жасап келеді. Бүгінгі жарыс соның айқын дәлелі десем болады, – деді ШҚО Жастар ресурстық орталғының директоры Арайлым Есімбекова.

Байқаудың бірінші кезеңінде облыстағы кәсіпорындардағы «Үздік жастар ұйымы» анықталды. Бұл кезеңде әрбір команда күнібұрын дайындап келген портфолияларын қазылар алқасына ұсынып, жұмыстармен таныстырды. Ал екінші кезеңде командалардың әлеуметтік желіге ораналастырған видероликтері қанша дауыс жинағаны есепке алынды. Ал негізгі үшінші кезеңде спорттық тимбилдинг ұйымдастырылып, мықты командалар анықталады.

– Біздер осы байқауды жыл сайын асыға күтеміз. Өйткені байқауға бірнеше жылдан бері үздіксіз қатысып келеміз. Осы жыл жарысқа бір ай бұрын дайындалдық. Өйткені бізбен сынға түсетін командалардың оңай шағылатын жаңғақ емес екенін білеміз. Өз басым мұндай байқаулар ұжымдағы жастарды бір-бірімен жақындастыра түсетінін байқадым. Мұндай көңілді байқаулар керемет көңіл-күй сылап, еңбек өнімділігін арттыра түседі, – дейді Өскемен титан-магний комбинатында жұмыс істеп жүрген Махаббат Сығаева.

Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік спорттық команда» деген атаққа Өскемен титан-магний комбинатының командасы ие болса, «Үздік шығармашыл команда», «Үздік видеоролик» деген атаққа «Востокцветмет» компаниясына қарасты Орлов өндірістік кешенінің жастары ие болды. Ал «Үздік жастар ұйымы» деген атақты «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС командасы қанжығаларына байлады.

Үздік командаларды үш дүркін Олимпиада чемпионы Олга Рыпакова өзі марапаттады. Өз кезегінде атақты спортшы жастар спортпен айналысуы өте маңызды екенін айтып, спорт жастарға ерекше көңіл күй, күш-қуат сыйлайтынын жеткізді. Олимпиада чемпионы Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысында 400-ден астам спорт нысандары салынып, пайдалануға берілегенін де атап өтті. Осының арқасында өңірде бұқаралық спортпен айналысушылардың қатар айтарлықтай өскен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x