Биыл ШҚО-да жаппай кәсіпкерлікті қолдауға 4 млрд теңге бөлінді

Dalanews 13 желт. 2021 07:16 257

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында бизнестің әлеуметтік қырын дамыту бойынша маңызды жұмыстар жүзеге асуда. Бұл бағытта бірінші кезекте көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар арасында отбасылық бизнесті дамытуда облыстық әкімдік ерекше қолдау шараларын жүзеге асырып жатқанын атап айтуға болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов бүгін баспасөз мәслихатында облыс тұрғындарының жаппай кәсіпкерлікпен айналысуын қолдау үшін мемлекет тарапынан 4 млрд теңге қарастырылғанын алға тартты. Өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың жылдық пайыздың мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаржының бәрі игеріліпі, 838 шағын несие халыққа берілген. Осы шағын несиенің 694-і ауыл халқының тұрмысын көтеруге бағытталса, жалпы көлемі 438 млн теңгенің құрайтын 160 шағын несиені көпбалалы отбасыларға берілгенін басқарма басшысының орынбасары атап өтті.

Өңірдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шағын несиелердің арқасында облыс аумағында 693 жұмыс орыны ашылып, 292 кәсіпкер өз кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алыпты. Сонымен қатар «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттенген екі мыңнан астам адам білім алғанын айта кетуіміз керек.

Өз кезегінде Досхан Қайырғазинов Шығыс Қазақстан облысындағы бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 1,1 млрд теңгені құрайтын 1815 мемлекеттік грант берілгенін айтты. Бір гранттың көлемі 200 айлық есептік көрсеткішке тең. Қазіргі таңға дейін жалпы құны 999 млн теңгенің құрайтын 1713 грант кәсіпкерлікпен айналысуға ықыласы ауған азаматтарға беріліпті. Қалғаны жыл аяғына дейін беріледі. Баспасөз мәслихаты барысында 600 грант тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылаға берілгенін естідік.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x