Шығыс Қазақстанда экологияны дамыту орталығы құрылады

Dalanews 08 желт. 2021 15:38 205

Еліміздегі экобелсенділер Шығыс Қазақстан облысындағы Amanzholov University-не экологиялық білім мен мәдениетті дамыту орталығын құру ұсынысымен келді. Олардың айтуынша, бұл орталықта мамандар өзекті экологиялық мәселелерді зерттеп, экоағарту, мәдениетті қалыптастыру, болашақта ауаның ластануы бойынша залалды бағалаумен айналысады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

2022 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында экологиялық білім мен мәдениетті дамыту орталығы құрылған болатын. Орталықты құруды егжей-тегжейлі талқылау үшін «Экологиялық білім беруді дамыту бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Amanzholov University студенттері арасында экологиялық тақырыптағы үздік стендтік плакат пен эссе байқауы өткізілді.

– Бүгінгі таңда экология тақырыбы аса өзекті және бұл орталықты құру қажет. Теориялық оқытудан басқа тиісті жабдықтар, зертханалар, сертификатталған сараптама болады деп ойлаймыз. Бұл жоба 2022 жылы басталады. Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар өткізу үшін база құрылады, – деп хабарлады С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.

Дөңгелек үстел барысында қазақстандық экоактивист Шыңғыс Лепсібаев «Экологиялық білім беру мен ағартудағы новеллалар туралы» тақырыбында баяндама жасады. Ол жалпы әлемдегі экология мәселелеріне, адамдардың жас деңгейіне қарай табиғатқа қарым-қатынасына тоқталып, С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында құрылатын Орталық туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Бізде экологиямен проблемалар бар көптеген қалалар мен жоғары оқу орындары бар, бірақ барлық жерде экологтарды даярламайды. Amanzholov University Шығыс Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы болып табылады. Сондықтан біз Қазақстандағы экологияны дамыту орталығының Amanzholov University базасында болғанын қалаймыз. Университет өз тарапынан тиісті жұмыстарды бастайды.

Ластанудың түрлі деңгейдегі мен оларды тазарту үшін әртүрлі зертханалық қондырғылар тұратын техникалық бөлме құру қажет. Екінші кезеңде біз мұнда оқытылатын экологиялық білім беру тренингтерінің кешенін немесе тізімін жасауымыз керек. Оқытушылар тізімінде тек жергілікті экологтар ғана емес, сонымен қатар экология саласында жұмыс істейтін, Қазақстан бойынша танымал экобелсенділер, кәсіпкерлер болады. Орталық негізі қаланған үшінші кезеңде университет осы орталықтың негізінде экология, қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілік саласында зерттеулер жүргізе бастайды, – деді Қазақстандық экобелсенді Шыңғыс Лепсібаев.

Оның айтуынша, мұндай орталық әр мектепте болуы тиіс, онда ауаның ластануын өлшейтін құрылғылар және балаларға экологиялық білім берудің негізін қалайтын сабақтар өткізілуі керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x