Шардаралық іскер әйел айна 1 тоннаға дейін тамық өнімін дайындауда

Dalanews 03 желт. 2021 12:03 276

Шардара ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азаматша Ғалия Жолдасова кезінде тігіншілікпен де, аспаздықпен де айналысқан. Ол биыл «Бизнес бастау» жобасымен оқып, білімін арттырған. Бүгінде кәсіпкер әйел үй жағдайында тұшпара түюді қолға алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда азаматша айына 1 тоннаға дейін өнім дайындай алады. Кәсібін кеңейтуге де ниетті.

– Мен манты, тұшпара түйемін, қысты күндері сорпа әзірлеймін. Барлығы қолжетімді бағада және сұраныс та жаман емес. Одан бөлек, дүкендерге де өткіземін. Қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырмын, – дейді кәсіпкер әйел.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Шардара ауданы бойынша 188 тұрғын «Бизнес бастау» жобасында білім алған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x