Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 1 жылда 270 мыңға жуық жолаушы тасымалданған

Dalanews 02 желт. 2021 14:15 358

Түркістан Халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы әуе рейсін қабылдаған болатын. Бүгінде әуежайда жалпы 16 бағытта ұшақтар қатынайды. Оның 3-і халықаралық, 13-і республикаішілік рейстер. Жаңа әуежай арқылы 1 жыл ішінде 267 187 жолаушы ұшақпен қатынаған. Айта кетерлігі, әуежайдың іске қосылғанына 1 жыл толуына орай, арнайы мерекелік іс-шара болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежай арқылы мына бағыттарда ұшуға болады:

1) «Түркістан – Ыстамбұл» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

2) «Түркістан – Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

3) «Түркістан – Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);

4) «Түркістан – Нұр-Сұлтан» – күнделікті;

5) «Түркістан – Алматы» – аптасына 7 рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);

6) «Түркістан – Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

7) «Түркістан – Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);

8) «Түркістан – Қарағанды» – аптасына 3 рет (бейсенбі, сенбі, жексенбі);

9) «Түркістан – Көкшетау» - аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

10) «Түркістан – Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);

11) «Түркістан – Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

12) «Түркістан – Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

13) «Түркістан – Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

14) «Түркістан – Талдықорған» - аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі);

15) «Түркістан – Петропавл» - аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);

16) «Түркістан – Өскемен» - аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x